Алматы облысында заңсыз аңшылық пен балық аулауға қарсы күрес жалғасып жатыр. Әсіресе Іле өзенінің жағалауында браконьерлік деректері жиі тіркеледі.
Іле өзені мен оның маңындағы табиғи аумақтар өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер де бар. Алайда өңірдегі браконьерлік фактілерінің басым бөлігі осы аумақта анықталып отыр.
Табиғат қорғау инспекторларының мәліметінше, ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – рұқсатсыз аң аулау және заңсыз балық аулау. Кей жағдайда заң бұзған азаматтар тексеру жүргізген инспекторларға қарсылық көрсетеді.
«Аң аулауға шыққан азаматтың өзімен бірге қару алып жүруге рұқсаты, аңшылық билеті және тиісті аңшылық шаруашылығының жолдамасы болуы қажет. Ал бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында әуесқойлық және спорттық балық аулаумен айналысатын азаматтар жеке куәлігі мен тиісті шаруашылықтың жолдамасын алып жүруге міндетті», – деп түсіндірді облыстық табиғат қорғау полициясының өкілдері.
Мамандар заңсыз аңшылық пен балық аулаудың табиғатқа айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті. Әсіресе тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану балық қорының азаюына және жануарлардың табиғи мекендеу ортасының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Браконьерлікпен күрес аясында табиғат қорғау инспекторлары су айдындары мен жағалаудағы аумақтарға бақылау жүргізеді. Заңсыз әрекеттерді анықтау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да жұмылдырылады.
Құзырлы органдар табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу және сирек





