Мамандар сирек кездесетін жыртқышқа GPS-трекері бар арнайы қарғыбау орнатып, оған «Қараша» деген ат берді. 2026 жылғы 20 қарашада Кеген ауданындағы Алғабас ауылы маңынан сілеусін анықталды. Ол Шелек өзенінің бойында шибөрінің өлексесімен қоректеніп жатқан. Бұл аумақ «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің шекарасына іргелес орналасқан.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары бірлесіп, жануарды қауіпсіз ұстап, физиологиялық жағдайын тексерді. Одан кейін сілеусінге GPS-трекері бар қарғыбау тағылды.
Енді ғалымдар спутник арқылы оның қозғалыс бағытын, мекендеу аумағын және белсенділігін бақылай алады. Бұл сирек кездесетін жыртқыштың тіршілігін зерттеп, ғылыми мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.
Қажетті ветеринариялық және зерттеу шараларынан кейін «Қараша» табиғи ортасына қайта жіберілді. Мамандардың мәліметінше, жануардың қазіргі жағдайы бірқалыпты.





