Әкімдік мәліметінше, Талғар ауданы Алматы тау кластерінің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамып келеді. Жыл басынан бері ауданға 60 мыңға жуық турист келген. Көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 36,6 пайызға артып, 2,5 млрд теңгеге жеткен.
Өңірдегі ірі туристік жобалардың бірі – Oi-Qaragai тау курортын Ақтас бағытына қарай кеңейту. Жобаны жүзеге асыру аясында екі шақырым су құбыры тартылған. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау және автомобиль жолдарын жаңғырту мәселелері пысықталып жатыр.
Курорт аумағын кеңейту туристерді қабылдау мүмкіндігін арттыруға, тау туризмін дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар ауданда өзге де туристік нысандар дамып келеді. Атап айтқанда, Bizdin Auyl демалыс аймағына 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде 25 гектар аумақты алып жатқан демалыс кешені жыл сайын 40 мыңға жуық турист қабылдайды.
Әкімдік Талғар ауданында туризмді дамыту Алматы тау кластерін қалыптастыру жұмыстарымен тығыз байланысты екенін айтады. Бұл бағытта туристік нысандарды кеңейтумен қатар, жол, су және электр желілерін жаңғыртуға басымдық беріліп отыр. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ауданның туристерді қабылдау мүмкіндігі артып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуын





