Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Орталық Азиядағы ең биік таулы музей ашылады

Алматы облысында 2027 жылдың қазан айында Орталық Азиядағы ең биік тауда орналасқан музейді ашу жоспарланып отыр. «Ұлы дала кітабы» деп аталатын жаңа нысан теңіз деңгейінен 2140 метр биіктікте орналасып, халықаралық мәдени орталық мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды alataunews.kz7

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026
Жаңалықтар

Музейдің құрылысы Іле Алатауындағы Oi-Qaragai тау курортының аумағындағы жаңа Aqtas туристік аймағында жүргізіліп жатыр. Этномәдени бағыттағы нысан Алматы тау кластерінің басты туристік орындарының біріне айналады деп күтілуде.

Oi-Qaragai тау курортының PR бөлімінің басшысы Максим Козловтың айтуынша, Aqtas инвестициялық жобасы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда негізгі инфрақұрылым нысандары дайын.

«Биыл Aqtas инвестициялық жобасы мәресіне жақындады деуге болады. Себебі инфрақұрылым нысандарының барлығы дайын, құрылысы аяқталған. Тек аз ғана жұмыс қалды. Бірақ сол қалған жұмыстың ең ауқымдысы – музей құрылысы. Ол теңіз деңгейінен 2140 метр биіктікте орналасады. Біздің білуімізше, бұл Орталық Азиядағы ең биік тауда орналасқан музей болмақ», – деді Максим Козлов.

Жобаны әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілген. Бүгінде Италия, Аргентина, Непал және Қырғызстанның таулы аймақтарында осындай музейлер жұмыс істейді.

Жаңа туристік аймақта қандай нысандар бар?

Aqtas туристік аймағында тау шаңғысы туризмін дамытуға басымдық берілген. Мұнда заманауи аспалы жол салынып, туристердің демалысына қажетті инфрақұрылым жасақталған.

Қазіргі уақытта аймақта 14 глэмпинг, екі мейрамхана, үш мәжіліс залы және премиум санаттағы апартаменттер бар. Алдағы уақытта Aqtas өзге туристік нысандармен аспалы жол арқылы байланыстырылмақ. Бұл туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар курортта экологиялық технологиялар енгізілген. Атап айтқанда, кәріз суларын қайта өңдеп, шаруашылық мақсатта пайдалану жүйесі қарастырылған.

Oi-Qaragai тау курортының техникалық бөлімінің басшысы Владимир Рудьтің айтуынша, курорт толық қуатында жұмыс істеген кезде тәулігіне 40–60 текше метр, кейде 80 текше метрге дейін су жиналады. Тазартылған су арнайы резервуарларда сақталып, кейін тау шаңғысы трассаларына жасанды қар төсеуге және көгалдарды суаруға пайдаланылады.

Жаңа музейдің ашылуы мен Aqtas туристік аймағының дамуы Алматы облысының туристік әлеуетін арттырып, өңір экономикасына оң әсер етеді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Конституциялық соттың жұмыс тәртібі өзгерді: жаңа регламентте не көзделген?

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
16.11.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
16.11.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
16.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz