Отбасы банктің мәліметінше, бағдарлама аясында Есік қаласының Набережная көшесінде орналасқан 60 пәтерлі үш тұрғын үйден баспана ұсынылады. Үйлер 2026 жылғы 10 қарашада пайдалануға берілген. Таза әрлеудегі пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 190 мың теңге.
Бағдарлама аясында ұсынылатын пәтерлер:
-
45 бір бөлмелі пәтер – ауданы 35,8 шаршы метр;
-
45 екі бөлмелі пәтер – ауданы 47,1 шаршы метр;
-
90 үш бөлмелі пәтер – ауданы 68,3 шаршы метр.
Пәтерлердің бағасы ауданына қарай 6,8 млн теңгеден 12,9 млн теңгеге дейін жетеді.
Жеңілдетілген ипотекаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Негізгі талаптардың бірі – үміткердің Отбасы банкіндегі депозитінде баспана құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде алғашқы жарнаның болуы.
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады. Ал қатысушыларды іріктеу 30 қарашада өтеді.
«Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күн бойынша жүзеге асырылады. Есепке қойылған күндер сәйкес келген жағдайда Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында қатысуға өтінім берген күн мен уақыт ескеріледі», – делінген банк хабарламасында.
Бағдарламаға қатысуға өтінімді otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы беруге болады.
Тұрғын үй нысанының коды – 10626.





