Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында сотталғандарға арналған жаңа өндіріс орны ашылды

Алматы облысының №14 түзеу мекемесінде блокты-модульдік ғимараттар шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Жаңа өндіріс орны 150-ге дейін сотталған азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2026
Жаңалықтар

Жоба облыстық прокуратураның мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасын кеңейту және сотталғандарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстары аясында жүзеге асырылды.

«NovaNex» ЖШС өз қаражаты есебінен түзеу мекемесінің аумағында жалпы ауданы 900 шаршы метр болатын модульдік өндірістік ғимарат орнатқан. Мұнда сорғы станциялары мен қазандықтарға арналған блокты модульдер шығарылатын болады.

Инвестор тұрақты тапсырыстар мен өнім өткізу арналары болған жағдайда өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымша ғимараттар салынып, өндірістік алаңның аумағын 1200 шаршы метрге дейін кеңейту жоспарланған.

Жаңа өндіріс орнының ашылуына Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, облыс әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы сотталғандардың ақылы жұмыспен қамтылып, тұрақты табыс табуына және қылмыс салдарынан келтірілген залалды өтеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар жаңа кәсіби дағдыларды меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуге қажетті еңбек тәжірибесін жинақтай алады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Конституциялық соттың жұмыс тәртібі өзгерді: жаңа регламентте не көзделген?

Қорлан Нұрланқызы
16.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
16.11.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
16.11.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
16.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz