Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт пен күн электр станциясы салынады

Алматы облысында аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт пен күн электр станциясы салынады Алматы облысында экология және жаңартылатын энергетика салаларында екі ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. «Қайрат» индустриялық аймағында жылына 10 мың тоннаға дейін пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт пен қуаты 70 МВт күн электр станциясын салу жоспарланған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026
Жаңалықтар

Бұл туралы Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан COP31 халықаралық климаттық конференциясында белгілі болды. Конференция аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқару, қайта өңдеу және жаңартылатын энергетика салаларында жұмыс істейтін төрт компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімдердің бірі NULOOP компаниясымен жасалды. Компания Алматы облысындағы «Қайрат» индустриялық аймағында пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатыр.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 10 мың тоннаға дейін аккумуляторды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Заманауи технологиялардың көмегімен пайдаланылған аккумуляторлардың құрамындағы литий, мыс, алюминий және басқа да құнды компоненттер бөлініп алынып, өнеркәсіпте қайта пайдаланылатын болады.

Тағы бір меморандум күн энергетикасы мен энергия жинақтау технологияларын дамытуға маманданған LoopEnerGren Capital компаниясымен жасалды. Компания «Қайрат» индустриялық аймағындағы кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаты 70 МВт күн электр станциясын салуды қолға алған.

Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жабдықтарын шығаратын ресейлік «АРМ» компаниясымен және қалдықтарды жинаудың заманауи инженерлік жүйелерін әзірлейтін PUZER компаниясымен келісімге келді.

Аталған меморандумдар тәжірибе мен технология алмасуға, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуға және айналым экономикасы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Қол қойылған құжаттар алдағы ынтымақтастыққа негіз болмақ. Бірлескен жобаларды іске асырудың нақты шарттары қосымша пысықталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
12.11.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
12.11.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
12.11.2026

Қонаевта саяжайлар сүріле ме? Қала әкімдігі түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

Жаңа Конституция – Қазақстан дамуының құқықтық негізі

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz