Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қарағандыда темекі сұраған ер адамды көлік жүргізушісі қағып, үстінен басып өтті

Оқыс оқиға 21 тамыз күні сағат 22:00 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында орын алды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

28.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Қарағанды қалалық ПД-ға қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама түсе салысымен, бірден жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды.

Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

«Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан көлік жүргізушісінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізушісі жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан жылдам «ізін суытқан», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Күдікті жәбірленушіні танымайтынын, дүкеннен сауда жасап шыққанда оны бірінші рет көргенін айтты. Жәбірленуші одан темекі сұрған, ол оған бос қорапты көрсеткен, көлік салонында отырған әйел де жәбірленушіге ескерту жасағаны айтылады. Алайда жәбірленуші қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып кеткені белгілі болды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-99-бабына (Адам өлтіруе оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары қолға алынды.

Тегтер: Қарағандыоқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz