Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының 25 ауылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Алматы облысында ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 25 ауыл интернетке қосылды. Ал 2027 жылдың соңына дейін облыстың 85 ауылын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026
Жаңалықтар

Жоба аясында Қарасай, Бірлік және Үшбұлақ ауылдарындағы 179 үйді интернетке қосуға мүмкіндік жасалды. Жақында аталған елді мекендердің тұрғындарымен телекөпір ұйымдастырылып, цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Ауылдарды интернетпен қамту жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 2027 жылдың соңына дейін еліміздегі 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылуы тиіс.

Жобаның басты мақсаты – қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтып, шалғай елді мекен тұрғындарына заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін қолжетімді ету.

Атап айтқанда, сапалы интернет мұғалімдерге білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға, дәрігерлерге науқастардың мәліметтеріне электронды жүйе арқылы жедел қол жеткізуге, ал оқушыларға онлайн білім алуға мүмкіндік береді.

Елімізде ірі дата-орталықтар салынып, жасанды интеллект технологиялары дамып, суперкомпьютерлер іске қосылып жатқан кезеңде ауыл тұрғындарының да цифрлық мүмкіндіктерге тең қол жеткізуі маңызды.

Алматы облысында алдағы уақытта тағы 60 ауылды интернетпен қамту көзделіп отыр. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласын дамытудың 30 жылдық жоспары қаралды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
09.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
09.11.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
09.11.2026

Алматы облысында қазақша қате жазуларды анықтайтын цифрлық жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz