Оқиға концерт кезінде көрермендер арасында болған. Қауіпсіздік қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды бірден залдан шығарған. Полицияның мәліметінше, жанжалға қарамастан концерт тоқтатылмай, жоспарға сәйкес соңына дейін жалғасқан.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында оқиғаға қатысы бар үш әйелдің жеке басы анықталды. Олардың екеуі Алматы облысында, ал біреуі Тараз қаласында тұратыны белгілі болды.
Сот шешімімен Алматы облысының бір тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал екінші әйел қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл арқалады. Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Сонымен қатар оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде концерттің тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат тараған. Полиция қызметкерлері Instagram желісінде аталған мәліметті жариялаған аккаунт иесін анықтады. Оған көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.





