Әкімнің айтуынша, бөлінген қаражаттың басым бөлігі қаланың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта жалпы құны 31,1 млрд теңге 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту бойынша 6 жоба, электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту бойынша 4 жоба, жылумен жабдықтау бағытында 1 жоба және газ құбырын тарту бойынша 1 жоба іске асырылуда», — деп тілге тиек атты шаһар басшысы Әркен Өтенов.
Аталған жобалар қаланың инженерлік желілерінің өткізу мүмкіндігін арттыруға, коммуналдық инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Инфрақұрылымды жүйелі дамыту Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық өсуіне, жаңа тұрғын үй және өндірістік аумақтарды қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етуге негіз болады.





