Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Алматы облысының Іле ауданында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алды. Биыл аудан аумағындағы 107 көшеге асфальт төселіп, 77,1 шақырым жол жөнделді. Ал 2027 жылы жөнделетін көшелер санын 150-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026
Жаңалықтар

Іле ауданы – халық саны өсіп, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан өңірлердің бірі. Жаңа тұрғын үй алаптарының пайда болуы мен елді мекендердің кеңеюі жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені арттырып отыр. Осыған байланысты ауданда жолдарды жаңарту және асфальт төселмеген көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарына басымдық берілген.

Аудан әкімінің мәліметінше, соңғы үш жылда жол жөндеу жұмыстарының көлемі айтарлықтай ұлғайған. Мәселен, 2024 жылы 46 көше жөнделсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 91-ге жеткен. Ал биыл 107 көше жаңартылып, жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.

2026 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға 3,1 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жалпы ұзындығы 77,1 шақырым болатын жол жөнделді. Осылайша, 2024 жылмен салыстырғанда жыл сайын жөнделетін көшелер саны екі еседен астам артқан.

Ауданда жолдарды жаңарту қарқыны алдағы жылы да бәсеңдемейді. 2027 жылы жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын 150 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бұл мақсатқа шамамен 5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

«Жолдың сапасы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп келеміз. Егер 2024 жылы 46 көшені жөндесек, биыл 107 көшеге жеттік. Келесі жылы 150 көшені қамтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, аудандағы барлық жол мәселесі шешілді деп айта алмаймыз. Әлі де жөндеуді қажет ететін көшелер бар. Сол себепті жұмыстарды тұрғындардың өтініштері мен қажеттіліктерін ескере отырып жалғастырамыз», – деді Қайыржан Жақсымбетов.

Аудан басшысы жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың сұранысы мен елді мекендердің қажеттілігіне қарай жүргізілетінін атап өтті. Әсіресе халық тығыз орналасқан және жаңа тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аумақтарда жол инфрақұрылымын дамыту өзекті болып отыр.

Жол сапасын жақсарту тұрғындардың күнделікті қатынауын жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендер арасындағы көлік байланысын нығайтуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңартылған жолдар қоғамдық көліктің қозғалысына, жедел қызметтердің қолжетімділігіне және тұрғындардың қауіпсіздігіне оң әсер етеді.

Алдағы уақытта Іле ауданында асфальт төселмеген көшелерді кезең-кезеңімен қамту және қолданыстағы жолдардың сапасын жақсарту жұмыстары жалғасады. Жергілікті билік жол инфрақұрылымын дамытуда тұрғындардан түскен өтініштер мен елді мекендердің даму қарқынын ескеруді жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz