Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Oi-Qaragai ТМД-дағы ең үздік курорт деп танылды

Алматы облысында орналасқан Oi-Qaragai тау курорты халықаралық Ski Business Awards байқауында ТМД елдері арасындағы үздік курорт деп танылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026
Жаңалықтар

Бұл жетістік Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, отандық демалыс орындарының бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, беделді салалық марапат тау шаңғысы индустриясының өкілдерін біріктіретін Туристік аумақтар форумы (FTT) аясында табысталған.

Ski Business Awards – тау курорттары мен туристік кешендердің даму деңгейін бағалайтын халықаралық салалық байқау. Онда инфрақұрылымды жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және инновациялық шешімдерді жүзеге асыру бағытында жоғары нәтижеге қол жеткізген нысандар марапатталады.

Алматы облысындағы Oi-Qaragai курортының халықаралық деңгейде мойындалуы кездейсоқ емес. Туристік кешен бұған дейін де бірқатар беделді марапатқа ие болған. Атап айтқанда, «Үздік IT-шешім» және «Балалар лагерінің үздік бағдарламасы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанған. Ал 2025 жылы маркетинг саласындағы жетістіктері үшін арнайы марапатқа ие болды.

Қазіргі уақытта Алматы облысында Oi-Qaragai тау курортын кеңейтуге бағытталған ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 53,2 миллиард теңгені құрайды. Қаражат толығымен жеке инвестициялар есебінен бөлінеді. Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Жоба аясында курорттың туристерді қабылдау мүмкіндігі кеңейіп, демалыс пен қызмет көрсету инфрақұрылымы жетілдіріледі. Бұл келушілерге қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде 1200-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңір экономикасының дамуына оң ықпал етпек.

Алматы облысы еліміздегі тау және экологиялық туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі саналады. Аймақтың табиғи ерекшеліктері, тау бөктеріндегі демалыс орындары мен туристік бағыттары жыл сайын отандық және шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz