Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында қамыс өртенді

Алматы облысының Алатау қаласы аумағында, Қапшағай су қоймасының жағалауында қамыс өрті тіркелді. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта бес өрт ошағында сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.10.2026
Жаңалықтар

Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауындағы қамыс алқабын шарпыған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері мен арнайы техника жіберілген. Өрттің ауқымын анықтап, құтқарушылардың жұмысын үйлестіру үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы оқиға орнына арнайы барды. Жол қатынасының қиындығына байланысты ол су қоймасы арқылы моторлы қайықпен жеткен. Оқиға орнында жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде бес өрт ошағы анықталды. Осыған байланысты өртті сөндірудің басым бағыттары белгіленіп, құтқарушылардың күштері мен құралдарын орналастыру тәртібі нақтыланды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары анықталған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда өрт шыққан аумақтың географиялық ерекшеліктері құтқарушылардың жұмысын қиындатуда. Атап айтқанда, жер бедерінің күрделілігі мен жол жағдайының қолайсыздығы арнайы техниканың өрт ошақтарына жетуіне кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар желдің әсері мен қараңғылықтың түсуі де өртті сөндіру жұмыстарына қосымша қиындық туғызуда. Соған қарамастан, төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері өрт ошақтарын сөндіруді жалғастырып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қапшағай су қоймасының жағалауында шыққан өрт жақын маңдағы елді мекендер мен құрылыстарға қауіп төндіріп тұрған жоқ.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза мерзімдері өзгерді: сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
27.10.2026

Интернет алаяқтың алдын алу

Акжаркын
27.10.2026

Меншік құқығын қорғау

Акжаркын
27.10.2026

Зорлық-зомбылық – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі.

Акжаркын
27.10.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Акжаркын
27.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz