Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: прокуратура аудандардағы тұрғындар шағымына зерттеу жасады

Соңғы кездері БАҚ беттерінде Алматы облысы тұрғындарының қоғамдық көліктің тоқтап қалуына, тіпті, жоқ болуына байланысты шағымдар көптеп жарияланып жатыр. Аталған мәселе бойынша Алматы облысы прокуратурасы талдау жүргізіп, әкімдікке ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

27.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, мамандар Талғар ауданы Арқабай ауылы тұрғындарының әкімдік жұмысына наразылық себептерін зерттеді.

«Елді мекен Құлжа трактісінен 4 км және Талғар қаласынан 25 км жерде орналасқан. 1200 тұрғыны бар ауыл үшін қоғамдық көліктің болмауы — үлкен мәселеге айналған», — деді баспасөз хатшысы Мақсат Ержанұлы.

Мамандардың айтуынша, мұндай проблемалар облыстың Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Кеген, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш аудандарында да кездеседі.

«Қазіргі таңда прокуратура ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сүйене отырып, облыс әкімдігіне мәселенің шешімін табу мақсатында ұсыныс білдірді», — деп атап өтті Мақсат Ержанұлы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Іле ауданындағы Қараой ауылында қоғамдық көліктің 2 апта бойы тоқтап қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Тегтер: Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz