Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Тоқаев Алматы облысының жаңа әкіміне бірқатар міндет жүктеді.

22.06.2022
Саясат
Ақорда баспасөз қызметінен

Ақорда баспасөз қызметінен

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сәрсенбіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі кезеңде облыстың экономикасында оң өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы саласының даму көрсеткіші – 102,8%-ға өскен, өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 105,2%, сауда – 103%, құрылыс – 114,3 пайызға артқан. Облыс әкімдігі жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап қалуға ниетті.

Президент азаматтардың сенімін ақтау, сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау маңызды екенін айтты.

Облыс әкімі хабарлағандай, жоғары инвестициялық тартымдылығы бар экономика секторларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және туризм салалары.

Мемлекет басшысына әкімшілік-аумақтық реформалардан кейінгі жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, Алматы облысы мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына өзгерістер енгізілетіні жөнінде ақпарат берілді. Әкімнің айтуынша, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және туризм сияқты экономиканың инвестициялық тартымды секторларына ерекше көңіл бөлінеді.

Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс орталығын Қонаев қаласына көшіру жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар жөнінде есеп берілді.

Президент жаңа әкімге облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, үш ауысымдық мектептерге, ирригациялық жүйелерді жаңартуға, медицина және қоғамдық көлік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар міндет жүктеді.

«Жалпы, 5 айдың қорытындысы бойынша өңірдің даму қарқыны барлық көрсеткіштер бойынша республикалық орташа деңгейден жоғары. Халықтың өмірін жақсарту, тиісті инфрақұрылымды – газ желілерін, су ресурстарын, жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету бөлігінде нақты тапсырмалар берілді. Алматы әкімдігімен бірлесіп агломерация мәселелері, ал Үкіметпен ирригациялық жүйе мәселелері және басқа да ірі жобалар пысықталатын болады», – деді кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

 

 

 

 

 

 

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 180 мың тоннадан астам астық қамбаға құйылды

Қорлан Нұрланқызы
23.10.2026

Қонаевта Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

Алматы облысында 100 адам бір күнде 300 келі сексеуіл тұқымын жинады

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

38 жаңа нысан, 3 мың дәрігер: Алматы облысында медицина саласы қалай дамып жатыр?

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

Шарында Қызыл кітапқа енген кәмшат фототұзаққа ілінді

Қорлан Нұрланқызы
22.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz