Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін Іле ауданында болған. 1964 жылы туған ер адам абайсызда ашық құдыққа құлап кеткен. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жіберілді. Мамандар арнайы сатының көмегімен құдыққа түсіп, ер адамды қауіпсіз жерге шығарып алды.
Құтқарылған азаматтың есі анық болған. Алайда денесі көгеріп, түрлі жарақат алған. Құтқарушылар оған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ер адамның қазіргі денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ашық құдықтар мен қауіпті аумақтардың маңында сақ болуға шақырады.





