Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қонаев қаласында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және адам өмірін құтқару жолында еңбек етіп жүрген 20 маман марапатталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026
Жаңалықтар

Мерекелік іс-шараға қатысқан қала әкімі Асхат Бердіханов құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты қызметіне ерекше тоқталды.

Қала басшысы құтқарушы мамандығының батылдықты, төзімділік пен жоғары кәсіби дайындықты талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде өзгелердің өмірін арашалау үшін өз қауіпсіздігін қатерге тігетін мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

«Құтқарушы болу – үлкен жауапкершілікті, батылдық пен табандылықты талап ететін абыройлы мамандық. Сіздер күн сайын адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғап, қиын сәтте көмекке келіп, талай жанға үміт сыйлап жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, азаматтардың өмірін сақтап қалу жолындағы қызметтеріңіз әрдайым құрметке лайық», – деді Асхат Бердіханов.

Салтанатты жиын барысында Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен №1 өрт сөндіру бөлімінің 15 қызметкері кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды.

Сонымен қатар «Халық үшін» қоғамдық қорының директоры Сергей Горяной тағы бес құтқарушыға арнайы сертификат табыстады. Қала әкімі төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына тұрғындар атынан алғыс білдіріп, олардың отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

Айта кетейік, құтқарушылар табиғи апаттар, өрт және өзге де төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға жедел көмек көрсетіп, адам өмірі мен мүлкін қорғау бағытында маңызды міндеттер атқарады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

КСРО құрамасында ойнаған спортшы ауыл балаларының болашағына жол ашты

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаевта тәтті тоқаш шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаевта казино орналасқан бес қабатты ғимарат аукционға қойылды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаев әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Жаңа Конституция: кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестікке құқықтық кепілдік

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz