Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Республикалық бюджет кірістері 3 трлн теңгеге ұлғаяды – Премьер-Министр

Кезекті Үкімет отырысында 2023-2025 жылға арналған бюджет жобасы жайлы сөз етілді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

27.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

​

Премьер-Министрдің YouTube-тағы ресми каналынан алынды

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға, сондай-ақ ағымдағы жағдайда экономиканы сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлихан Смайылов:
• 2023-2025 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4-4,1% деңгейінде болады деп  болжанып отыр;
• инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2025 жылға қарай 3-4%-ке төмендейді деп жоспарланып отыр;
• Республикалық бюджет кірістері 2023 жылы 3 трлн теңгеге немесе биылғы жылға қарағанда 27% ұлғаяды.

«Осылайша, республикалық бюджет кірістерінің жоғары деңгейде өсу қарқынын қамтамасыз етіп отырмыз», — деді өз сөзінде Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің сөзінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер едәуір төмендейді. Олар 2023 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2024 жылы тағы 800 млрд және 2025 жылы тағы 500 млрд теңгеге азаяды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов әлеуметтік салаға 2023 жылы 8 трлн теңге бөлу көзделгенін, экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамыту, бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын дамыту және газдандыруға басымдық берілетінін, оған 2023 жылы 2 трлн теңге бөлінетінін атап өтті.

Тегтер: ҚазақстанПремьер-Министрүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz