Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Хантәңірі баурайында өнер мерекесі өтті

Алматы облысында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ауылым – алтын бесігім!» мәдениет күндері байқауы Райымбек ауданында жалғасты. Өңір өнерпаздарының шығармашылық әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас таланттарды қолдауға бағытталған шарада ауданның мәдениет саласындағы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026
Жаңалықтар

Мәдени шара Баққожа Мұқай атындағы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Байқау аясында ауданның өнер ұжымдары, қолөнер шеберлері мен шығармашылық өкілдері бас қосып, ұлттық мәдениеттің сан қырын таныстырды. Іс-шара қонақтардың ұлттық қолөнер бұйымдары мен шығармашылық жұмыстар қойылған көрмені тамашалауынан басталды. Көрмеге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бейнелейтін туындылар ұсынылды. Ағаштан жасалған бұйымдар, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қолөнер үлгілері жергілікті шеберлердің шығармашылық ізденісін көрсетті.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығын Райымбек аудандық «Хантәңірі» халық театрының қойылымы ашты. Театр әртістері сахналық өнер арқылы көрерменге ұлттық мәдениеттің ерекшелігін жеткізді. Байқауға облыстың мәдениет және өнер саласындағы белгілі өкілдерінен құралған қазылар алқасы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің бас балетмейстері Ғазиза Әбдиева болды. Сондай-ақ ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры Ержан Тоқтар, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншісі Мәншүк Тұрсынғазина және «Қобыз сарыны» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бекназар Құрмашұлы аудан өнерпаздарының шығармашылық жұмыстарын бағалады.

Салтанатты шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев пен облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Олжас Атаев құттықтау сөз сөйледі.

Одан кейін көрермен назарына аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сахна төрінде халық әндері шырқалып, ұлттық билер орындалды. Театрландырылған көріністер мен музыкалық қойылымдар арқылы Райымбек ауданының мәдени өмірі мен шығармашылық мүмкіндіктері таныстырылды.

Байқаудың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру, жергілікті өнер ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру және ұлттық өнердің сабақтастығын сақтау. Сонымен қатар мұндай шаралар ауылдағы талантты жастарды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өңірдің мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Райымбек ауданында өткен мәдениет күндері жергілікті өнерпаздардың шығармашылық ізденісін көрсетіп қана қоймай, ұлттық қолөнер, театр, музыка және би өнерін бір алаңда тоғыстырды.

Айта кетейік, «Ауылым – алтын бесігім!» мәдениет күндері Алматы облысының аудандары мен қалаларында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқау өңірдегі мәдениет саласының дамуын бағалауға, шығармашылық ұжымдар арасында тәжірибе алмасуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыРайымбек ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz