Мерекелік науқан аясында облыстағы сауда орындары тұтынушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең түрін жеңілдетілген бағамен ұсынады.
Акциялардың негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері сауда нысандарында арнайы ұсыныстар көбейіп, мерекелік жеңілдіктер қолданылады. Тұрғындар күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді тиімді шарттармен сатып ала алады.
Республикалық акциялар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мерекелік науқанның басты мақсаты – халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданың дамуына серпін беру.
Сонымен қатар акция аясында отандық өндірушілердің өнімдерін насихаттауға және олардың ішкі нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жергілікті кәсіпкерлер үшін тауар өткізу көлемін ұлғайтуға қосымша мүмкіндік болмақ.
Алматы облысының тұрғындары «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және мекенжайларымен өңір әкімдігінің ресми ақпараттық ресурстарынан таныса алады.





