Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта көпір астындағы қараусыз аумақ демалыс орнына айналады

Қонаев қаласында бұрын қоқыс жиналып, қараусыз қалған теміржол көпірінің астындағы аумақ абаттандырылып жатыр. Сейфуллин көшесінде орналасқан бұл жерде тұрғындарға арналған серуендеу аймағы мен үй жануарларын серуендететін арнайы алаң салынады, деп хабарлайды Alataunews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2026
Жаңалықтар

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – қаладағы пайдаланылмай жатқан аумақтарды тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық кеңістікке айналдыру.

Сейфуллин көшесіндегі теміржол көпірінің асты – жаяу жүргіншілер жиі өтетін орындардың бірі. Күн сайын бұл жерден шамамен 200–300 адам өтеді. Алайда бұған дейін аумақтың санитарлық жағдайы талапқа сай болмай, қоқыс жиналып келген.

Енді қараусыз қалған жердің келбеті түбегейлі өзгермек. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, заманауи жабын төселеді. Демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шағын сәулеттік нысандар орнатылады. Сонымен қатар жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, аумақ көгалдандырылады.

Құрылыс жұмыстарының барысымен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов танысып, абаттандыру жобасының жүзеге асырылуын көрді.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – үй жануарларының иелеріне арналған арнайы кеңістіктің қарастырылуы.

Мұнда иттерді қауіпсіз серуендетуге және жаттықтыруға мүмкіндік беретін қоршалған алаң салынып жатыр. Оның ішінде жануарларға арналған түрлі кедергілер, төбешіктер мен жаттығу құрылғылары орнатылады.

Сондай-ақ алаңда үй жануарларын серуендету ережелері көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орналастырылады.

Жоба бойынша теміржол көпірінің астындағы серуендеу аймағының көлемі 2 352 шаршы метрді құрайды. Ал иттерді серуендетуге арналған арнайы алаңға 752 шаршы метр жер бөлінген.

Осылайша абаттандырылатын аумақтың жалпы көлемі 3 104 шаршы метрге жетеді.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың күнделікті серуендеуіне, демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Қонаев қаласында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 16 қоғамдық аумақты жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу, қоғамдық орындарды көркейту және саяжай аумағында жаңа аллея ашу жоспарланған.

Жобалардың барлығы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқыс полигоны мемлекет меншігіне қайтарылды: тұрғындар нені білуі керек?

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Баламен Алатау қаласына көшу: мектеп, балабақша және әлеуметтік қызметтер туралы не білу керек?

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Мемлекет заңнан басталады: Қазақстанның жаңа Конституциясындағы негізгі қағидаттар

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Alatau City-де тұрғын үй нарығын өзгертетін жаңа жоба әзірленіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Қорлан Нұрланқызы
11.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz