Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жол құрылысының сапасы Үкімет бақылауына алынды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Кеген және Райымбек аудандарының жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарымен және Қонаев қаласындағы әкімшілік нысандардың құрылысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2026
Жаңалықтар

Ең алдымен Кеген ауданындағы «Кеген» өткізу пунктіне барып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Кеген мен Райымбек аудандарын жалғайтын автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын көріп, талаптарды қатаң сақтауды, жол жабынының сапасын бақылауды және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Мемлекет басшысы жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайта қарау және құрылыстың барлық кезеңінде бақылауды күшейту туралы тапсырма бергені белгілі. Алдағы уақытта жол сапасы жекелеген нысандарды тексерумен ғана шектелмейді, жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезеңдерінің барлығында бағалаудың нақты әрі бірізді тәсілдері қолданылады.

Бүгінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, жолдардың барлық сапа стандарттарына сәйкес келуі Үкіметтің қатаң бақылауында. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс кестесін сақтау, инженерлік желілердің дайындығын қамтамасыз ету және техникалық қадағалауды күшейту жөнінде тапсырма берді. Бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау, нысандарды құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына сай пайдалануға беру басты назарда болуы тиіс.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қоқыс полигоны мемлекет меншігіне қайтарылды: тұрғындар нені білуі керек?

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Баламен Алатау қаласына көшу: мектеп, балабақша және әлеуметтік қызметтер туралы не білу керек?

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Мемлекет заңнан басталады: Қазақстанның жаңа Конституциясындағы негізгі қағидаттар

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Alatau City-де тұрғын үй нарығын өзгертетін жаңа жоба әзірленіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
12.10.2026

Яндекс Go сервисінен ақау шықты

Қорлан Нұрланқызы
11.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz