Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында тыйым салынған ұйымға қатысы бар 25 адам тексеріліп жатыр

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарға қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026
Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс-шаралар Шелек ауылында уәкілетті органдардың үйлестіруімен өткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жергілікті тобының қызметіне 25 тұрғын тартылған болуы мүмкін.

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында санкцияланған тінту жүргізілді. Сондай-ақ жеке тінту барысында электрондық құрылғылар мен діни мазмұндағы материалдар табылып, тәркіленген.

Атап айтқанда, құқық қорғау органдары 11 смартфон, 93 кітап, 16 кітапша, екі дәптер және діни сипаттағы жазбалары бар қойындәптерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар тәркіленген әдебиеттер мен электрондық материалдарды зерттеп, күдікке ілінген адамдардың тыйым салынған ұйым қызметіне қатыстылық деңгейін анықтауда.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша іске қатысы бар адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілмек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол жүру ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Акжаркын
05.10.2026

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың бастауы

Акжаркын
05.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
05.10.2026

Әлеуметтік мемлекет қағидаты: жаңа Конституция азаматқа қандай кепілдік береді?

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

Алматы облысында тыйым салынған ұйымға қатысы бар 25 адам тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz