Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғындары амалсыздан өмірін қатерге тігіп отыр

"Жүретін жол болмаған соң, жол тәртібін бұзамыз"- деген Бұлақты ауылының тұрғындары тас жолдың тең жартысын айналып өтуге мәжбүр. Райымбек ауылдық округі әкімі болса, жуырда ауыл ішінен жол салынатынын айтады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

26.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

 

Тұрғындар жолдың қарсы бағытына шығып, өмірін қатерге тігеді екен. Мұның бәрі көшені көлденеңінен жауып тастағаннан деп налиды жұрт. Күнделікті өтіп жүрген көшені Үлкен айналма жолдың құрылысын жасау үшін бөгеп тастапты.

Күніне 48 мың көлік жүріп өтетін Алматы-Бішкек тас жолын көлденең кесіп өту де оңай емес.

«Біздің көшеге шығатын жалғыз жол бар. Қазір қазып жатыр. Үйге кіру үшін жол қалдырған жоқ. Келді де, жауып тастады», – деді Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Марат Бимағамбетов.

«Қырық шақты үй бар, әрқайсысының үйінен бес-алты адам шығады, азанда бәрі жұмысқа кетеді, автобусқа отырады. Жолдың арғы бетінен кешке қайтады. Ешқандай өту, не кету деген жағдай жоқ. Не аялдама жоқ», – деді Райымбек ауылдық округінің тұрғыны Нұрлан Рүстембеков.

Ал Райымбек ауылдық округінің әкімі жағдайды білемін, бұл даудың басы-қасында жүрмін деп ақталды. Оның айтуынша, жуырда ауыл ішінен жол салынады.

«Қазіргі таңда ауылдың ішінен өтіп кететін жол бар, Наурыз көшесіне шығатын. Ол жол шаң, құрылыс жүріп жатыр. Қазір Үлкен айнала автокөлік жолын салып жатқан мекемемен сөйлесіп, халық жүру үшін сол жерді түзетіп, көмектесеміз», – деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев.

«Біз жолды жауып тастадық. Бірақ тұрғындарға басқа жерден жол ашып береміз деп келістік. Халықпен бұл туралы сөйлесіп, келісімге келгендей болдық. Бұл мәселе жергілікті әкімдікпен бұған дейін де бірнеше мәрте талқыланған еді», – деді құрылыс компаниясының ресми өкілі Екатерина Жирова.

Ал мамандардың айтуынша,  БАКАД айналма жолының құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Сондықтан құрылыс компаниясы уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Тегтер: жолмәселесі

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz