Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев гарнизонында «ASAU-2026» жобасы өтті

Қонаев гарнизонында 4 мыңнан астам мерзімді әскери қызметшінің басын қосқан «ASAU-2026» әскери-патриоттық байқауы өтті. Іріктеуден сүрінбей өткен тоғыз сарбаз финалда күш пен төзімділіктен бөлек, әскери машық, зияткерлік қабілет және құқықтық сауат бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026
Жаңалықтар

«Айбынды Сарбазды Анықтайтын Уақыт» деген мағынаны білдіретін «ASAU-2026» жобасы Бас әскери прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылды. Байқау әскери ортада «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттауға, тәртіпті нығайтуға және әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жоба әскери-патриоттық тәрбиені дәстүрлі сайыс форматымен ғана шектемей, дене дайындығын, кәсіби машықты, заманауи технологияларды меңгеру мен зияткерлік білімді бір арнаға тоғыстырды.

Іріктеу кезеңіне Қонаев гарнизонында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген 4 мыңнан астам сарбаз қатысты. Олардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен тоғыз әскери қызметші финалға жолдама алды.

Алты сынақтан сүрінбей өту керек болды

Финалистер алты бағыт бойынша сынға түсті. Олар ұлттық спорт түрлерінен жарысып, ашық суда белгіленген қашықтықты еңсерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып барлау тапсырмаларын орындады. Бұдан бөлек, сарбаздар кедергілер жолағынан өтіп, зияткерлік және практикалық сынақтарда өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Байқауда әскери қызметшілердің құқықтық сауаты мен жалпы біліміне де ерекше мән берілді. Зияткерлік кезеңде қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясын және «Заң мен Тәртіп» қағидатының мазмұнын қаншалықты білетінін көрсетті.

Сарбаздардың әдеби білімі де сыналды. Қатысушыларға халық жазушысы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша тапсырмалар берілді. Бұл шығарма бұған дейін Мемлекет басшысы оқуға ұсынған кітаптардың қатарында аталған.

4 мыңнан астам сарбаздың арасынан үздік анықталды

Бірнеше кезеңге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша 26363 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақтұр Мұрат «ASAU-2026» байқауының жеңімпазы атанды.

Екінші орынды 6654 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Арлан Асхат иеленді. Ал үздік үштікті 32363 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Казбек Кайнешов түйіндеді.

Сонымен қатар бірқатар әскери қызметші жекелеген номинациялар бойынша үздік деп танылды. Жеңімпаздар мен номинанттарға Бас әскери прокурордың атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Байқау мерекелік концертпен қорытындыланып, сахнада эстрада әртістері мен әскери шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Әскери прокуратура органдары алдағы уақытта да әскери ортада «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеуге, жастардың құқықтық сауатын арттыруға және патриоттық тәрбие беруге бағытталған жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 100-ден астам үйге иіс газының датчигі орнатылады

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
14.09.2026

Қонаев гарнизонында «ASAU-2026» жобасы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026

Қонаевта 2 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
14.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
14.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz