Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алма жинау басталды: шаруашылық өндірісті кеңейтіп жатыр

Мөлдір Иманмади
11.09.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Алматы облысында алма жинау науқаны басталды. Өңірдегі интенсивті алма бақтарының бірінде маусымдық жұмыстар қызу жүріп жатыр. «БАЙМЕНЕ» ЖШС өнім өсірумен қатар, оны сақтау, сұрыптау және қайта өңдеу бағыттарын да дамытып келеді.

Screenshot

«БАЙМЕНЕ» ЖШС 2016 жылы құрылған. Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты — тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып, интенсивті технология бойынша алма өсіру.

Бүгінде шаруашылықтың жалпы жер көлемі 192 гектарды құрайды. Маусымдық кезеңде кәсіпорында 80-нен 150-ге дейін адам жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері — 320 мың теңге.

Интенсивті бақтың алғашқы 70 гектары 2017–2018 жылдары іске қосылған. Бақта тамшылатып суару және шпалер жүйелері қолданылады. Тамшылатып суару жабдықтары Израильден, ал көшеттер Италия мен Нидерландтан жеткізілген. Мұнда Джанатон, Голден Делишес, Гала және Фуджи сорттары өсіріледі. Көшеттер 3,5×0,8 метр схемасы бойынша отырғызылған. Жобаның құны 1,6 млрд теңгені құраған.

Кәсіпорын кейін өндірістік инфрақұрылымын да кезең-кезеңімен кеңейткен. 2019 жылысыйымдылығы 5 100 тонна болатын жеміс сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Жобаның құны — 1,9 млрд теңге.

2020 жылы алмаларды сұрыптау, калибрлеу және қаптауға арналған арнайы желі іске қосылды. Оған салынған инвестиция көлемі 158,7 млн теңгені құрады.

Ал 2022 жылы жеміс-жидек дақылдарын қайта өңдейтін цех іске қосылды. Жобаның құны — 280 млн теңге. Сол жылдан бастап интенсивті алма бағын тағы 40 гектарға кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаның құны — 1 млрд теңге.

Биыл кәсіпорын жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдейтін жаңа өндірістік цех салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 650 млн теңге болады.

Кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі 2017–2020 жылдары 4,4 млрд теңгені, 2021–2022 жылдары 1,7 млрд теңгені құраған. 2026 жылға тағы 650 млн теңге инвестиция жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 6,8 млрд теңгеге жетеді.

Еске салсақ, өткен жылы «БАЙМЕНЕ» ЖШС 1,5 млн келі алма жинаған. Кәсіпорында шамамен 250 мың литр алма шырыны өндірілген. Бұл шаруашылықтың өнімді өсірумен ғана шектелмей, оны сақтап, сұрыптап және қайта өңдеуге мүмкіндік беретін толық өндірістік тізбекті қалыптастырып отырғанын көрсетеді.

Тегтер: алма жинауАлматы облысының ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz