Министрліктің мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің бұрын алған білімін жаңғыртуға, әскери-кәсіби дағдыларын жетілдіруге және бөлімше құрамында қойылған міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.
«Қонаев гарнизонының 10228 әскери бөліміне оқу-жаттығу жиынына Талғар және Қарасай аудандарынан запастағы 60 әскери қызметші келді», – делінген министрлік хабарламасында.
Жиын барысында запастағы әскери қызметшілер теориялық білімдерін пысықтап, әскери даярлық бойынша практикалық машықтарын жетілдіреді.
Әскери бөлімде резервтегілердің оқу-жаттығудан өтуі мен тұруына қажетті жағдай жасалған. Олар үш мезгіл тамақпен, қажетті киім-кешекпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.





