Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобалар жүзеге асатын өңірлер қатарында

Алматы облысы Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын өңірлердің қатарында. Үлкен ауылы маңында салынатын «Балқаш» атом электр станциясының құны 16,4 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Қазақстан соңғы бірнеше онжылдықтағы ең ауқымды инвестициялық кезеңдердің біріне аяқ басуда. Қазір елде әрқайсысының құны 1 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланған. Олардың жалпы құны 124 млрд доллардан асады.

Осы ірі инвестициялық портфельдегі маңызды жобалардың бірі Алматы облысына тиесілі.

Үлкен ауылында алғашқы АЭС салынады

Алматы облысының Үлкен ауылы маңында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған. «Балқаш» АЭС-інің болжамды құны 16,4 млрд долларды құрайды. Жобаның бас мердігері ретінде ресейлік «Росатом» белгіленген.

Жоспар бойынша жоба құнының негізгі бөлігі Ресей тарапынан берілетін несие есебінен қаржыландырылып, қалған шығынды Қазақстан Үкіметі өтейді.

АЭС салуға дайындық жұмыстары басталып та кетті. Үлкен ауылында инженерлік іздестіру жұмыстары 2025 жылдың тамызында қолға алынған. Негізгі құрылыс жұмыстарын 2027 жылы бастау, ал атом электр станциясын 2035–2036 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жоба жүзеге асқан жағдайда Алматы облысы елдің энергетикалық инфрақұрылымындағы стратегиялық маңызы жоғары өңірлердің біріне айналмақ.

Алайда миллиардтаған долларлық жобаларды жүзеге асыру ұзақ уақытты қажет етеді. Жобалау, қаржыландыру, құрылысқа дайындық жұмыстары бірнеше жылға созылуы мүмкін. Сондықтан АЭС-тің құны, іске асырылу мерзімі мен жекелеген техникалық параметрлері алдағы уақытта өзгеруі ықтимал.

Соған қарамастан, 16,4 млрд долларлық АЭС құрылысы Алматы облысында жоспарланған ең ауқымды инвестициялық жобалардың бірі болып отыр. Оның жүзеге асырылуы өңірдің ғана емес, жалпы Қазақстанның энергетикалық жүйесінің дамуына елеулі ықпал етуі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz