Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 6,5 млрд теңгеге жаңа құс шаруашылығы кешені салынып жатыр

Алматы облысында «Алатау-құс» АҚ өндірістік қуатын арттыру мақсатында жаңа асыл тұқымды репродуктор салуды қолға алды. Жобаның жалпы инвестициялық құны 6,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Жаңа кешен Алматы облысының Арна ауылында салынып жатыр. Оның жобалық қуаты жылына 12 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіруге есептелген.

Кәсіпорынның жеке асыл тұқымды репродукторын іске қосуы құс фабрикасын сапалы инкубациялық жұмыртқамен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірістік үдерістің тұрақтылығын арттырып, отандық құс шаруашылығының импорттық өнімге тәуелділігін азайту көзделіп отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында заманауи ветеринариялық-санитариялық талаптарға ерекше көңіл бөлінген. Жаңа кешен асыл тұқымды материалдың шығу тегі мен сапасын бақылауды күшейтіп, түрлі аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде құс шаруашылығы саласындағы биологиялық қауіпсіздікті және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етпек.

Жобаның өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы да жоғары. Репродуктор пайдалануға берілгеннен кейін «Алатау-құс» АҚ қызметкерлерінің саны шамамен 100 адамға артады. Осылайша жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге бюджетке түсетін салық көлемі де ұлғаяды деп күтілуде.

Қазіргі уақытта нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба құс фабрикасының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Жаңа репродуктордың құрылысы кәсіпорынның өндірістік алаңын кеңейтіп қана қоймай, отандық құс шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, биологиялық қауіпсіздікті күшейтуге және Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Заңға құрмет – елге құрмет

Акжаркын
03.09.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
03.09.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
03.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
03.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
03.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz