Құжатқа сәйкес, елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету және энергетикалық қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтері қайта қаралған.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, тарифтерді түзету энергетикалық нысандардағы жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қаражат жабдықтарды жаңғыртуға және олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қажет.
Жаңартылған тарифтерді 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Ол 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бұған дейін Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту тәртібіне өзгерістер енгізілгені хабарланған еді.





