Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталды

Астанада Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы басталды. Отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026
Жаңалықтар

Президент депутаттарды бірінші сессияның ашылуымен құттықтап, Қазақстанның даму жолындағы аса маңызды кезең басталғанын айтты.

«Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде жұмысына кірісті. Осылайша, мемлекеттің саяси жүйесін жаңарту үдерісінің жаңа кезеңі басталды.

Президент төл тарихымызда Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл институт билік жүйесін түбегейлі жаңғыртып, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді. Сондай-ақ ұлттық заңнаманың сапасын арттырып, еліміздің құқықтық негізін нығайтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдайтынын Құрылтай сайлауы айқын көрсеткенін айтты.

«Осы науқанға азаматтарымыздың 74 пайыздан астамы қатысып, дауыс берді. Халқымыз ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз бұл іске зор жауапкершілікпен қарап, қоғамымыздың ауызбіршілігін паш етті», – деді Президент.

Мемлекет басшысы осы арқылы ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағидаты нақты жүзеге асқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Құрылтай сайлауына шетелдік азаматтардың қызығушылығы жоғары болды. Қазақстанға беделді халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ге жуық байқаушы келді. Бұл – ұлттық парламентаризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

«Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бүгінде азаматтарымыз саясатқа оң көзбен қарап, қоғамдық істерге белсене араласатын болды. Бұл – жақсы үрдіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы депутаттарға қоғам тарапынан қойылатын талаптың әрдайым жоғары болатынын ескертті.

«Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес. Біздің қоғам кемелдене бастады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, Құрылтай құрамына білікті мамандардың келуі – соның айқын дәлелі.

«Әрине, бәсекенің аты – бәсеке. Біреу ұтады, біреу ұтылады. Алайда елімізде өз пікірін білдіруге, өз көзқарасын айтуға неше түрлі тетік бар. Заңымызға сай келетін түрлі мардымды пікірлер мен ұсыныстар неғұрлым көп айтылса, елімізге де соғұрлым тиімді болады, нақты пайдасы тиеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттарына тарихи миссия жүктеліп отырғанын айтып, олардың аса абыройлы міндетті лайықты атқаратынына сенім білдірді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz