Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕҚЫҰ Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты алғашқы қорытындысын жариялады

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау техникалық тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылып, дауыс беру күні негізінен тыныш өтті. Бұл туралы ЕҚЫҰ халықаралық байқаушыларының сайлау қорытындысы бойынша жариялаған алдын ала мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026
Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылардың алдын ала бағалауы 24 тамызда, дауыс беру аяқталғаннан кейін жарияланды. Миссия сайлауды ұйымдастыру барысындағы оң тұстармен қатар, сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар мәселеге назар аударды.

Байқаушылардың мәліметінше, сайлауалды науқан жалпы алғанда ретті өтіп, сайлауға қатысқан партияларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тең жағдай жасалған.

Сайлау күні де учаскелердің ашылуы мен дауыс беру процесі басым жағдайда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілген. Халықаралық миссия сайлау әкімшілігінің жұмысына да оң баға берді.

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясы мүдделі тараптар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен отырыстарын тұрақты түрде тікелей эфирде көрсетіп отырған. Сайлаушыларға арналған ақпараттық науқан мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары да оң бағаланған.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау миссиясының басшысы Винсент Пикет сайлау комиссияларының жұмысына тоқталды.

«Біз сайлау комиссияларының барлық деңгейдегі жұмысын бақылауға мүмкіндік алдық. Дайындық жұмыстарының кәсіби деңгейде жүргізілгеніне және сайлауға қатысқан партиялардың оған сенім білдіретініне көз жеткіздік», – деді Винсент Пикет.

Сонымен бірге халықаралық байқаушылар сайлау жүйесінде жетілдіруді қажет ететін тұстар бар екенін атап өтті. Миссияның пікірінше, кей жағдайда саяси бәсекеге арналған мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін.

Байқаушылар сайлау процесіндегі жекелеген рәсімдік мәселелерге де назар аударған. Сондай-ақ 2026 жылғы өзгерістерден кейін қабылданған заңнаманың кейбір нормаларын халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын ескере отырып жетілдіруге болатыны айтылды.

Халықаралық миссия әйелдердің саяси өкілдігі мәселесіне де жеке тоқталды.

Құрылтай сайлауына түскен 545 кандидаттың 172-сі әйел болған. Бұл кандидаттардың жалпы санының 31,5 пайызын құрайды.

Халықаралық байқаушылар Қазақстанның саяси өміріндегі әйелдердің өкілдігін одан әрі арттыруға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Осылайша, ЕҚЫҰ миссиясының алдын ала бағалауында сайлаудың техникалық және ұйымдастырушылық деңгейі оң бағаланғанымен, саяси бәсеке, сайлау рәсімдері, заңнаманы жетілдіру және әйелдердің саяси өкілдігі бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Тегтер: Қазақстансайлау

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz