Компания мәліметінше, KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1194–1209-шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін Жібек жолы – Қаскелең аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін аталған учаскеде, яғни Жібек жолы – Қаскелең аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі», – делінген хабарламада.
Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен қозғалысты реттеушілердің талаптарын сақтауды ескертті.




