Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының «Үздік ауыл әкімі» анықталды

Облыстың «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

25.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам

Осы жылдың 15 тамызда «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының I кезеңі, яғни облыстық деңгейіндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді. Нәтижесінде, ауылдық округ әкімдерінің арасынан Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков өңірлік конкурстың жеңімпазы атанды.

Байқаудың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

«Конкурсқа қатысушы үміткерлермен әңгімелесу өткізілер алдында ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптарын сақтауы мәселелері, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы негізге алынады. Сондай-ақ, әрбір үміткердің осы саладағы қызмет өтілі, білімі, тілдерді білуі, кәсіби даму талпынысы, наградасы, құрметті атағы, мемлекеттік қызмет немесе басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі, тәжірибелік қызметі, әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері және өзге де талаптар бойынша арнайы балл есептелінді», – делінген Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, өңірлік комиссия отырысы барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында конкурсқа қатысқан үміткерлердің ауылдық округті дамытуға бағытталған жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланған.

Айта кетейік, конкурстық комиссия шешімімен Бақыт Бейсенбеков республикалық кезеңде Алматы облысы атынан қатысатын болады.​​​​​​​

Тегтер: Жамбыл ауданыҮздік ауыл әкімі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz