Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қабылдауға келгендер ауыз су, жер телімдері, жол құрылысы, коммуналдық тарифтер, кәсіпкерлікті қолдау және білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

Қарасай ауданының Исаев ауылының тұрғындары Бас жоспар бойынша балабақша мен амбулатория салынуы тиіс жердің жеке меншікке өтіп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, жер телімдерінің бір бөлігі сатылып, тұрғын үйлердің құрылысы да басталған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта Бас жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар салу көзделген және бұл жоспар өзгермейді. Қазіргі уақытта мәселе сотта қаралуда.

Облыс әкімі заңсыз иеленілген жер мемлекетке қайтарылатынын немесе жер иесіне сол аумақта жоспарланған әлеуметтік нысандарды өз қаражатына салу міндеті жүктелетінін айтты.

«Аумақты заңсыз сатып алған азамат жерді кері қайтарады немесе сол жерге әлеуметтік нысандарды өзі салып беруі тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жол құрылысы келесі аптада басталады

Қабылдау барысында Исаев ауылының тұрғындары коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттағанын айтып, Бұқар жырау көшесін асфальттау жұмыстарының мерзімін сұрады.

Аймақ басшысының айтуынша, газ және электр желілеріне қызмет көрсету «Алатау Жарық» компаниясына кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Бұл жұмыстар толық аяқталғаннан кейін тарифтердің тұрақтануы күтіледі.

Ал Бұқар жырау көшесін жөндеу жұмыстары келесі аптада басталады. Қажетті қаржы бөлініп, мердігер ұйым анықталған.

Жеке білім беру орталығына жаңа ғимарат қарастырылады

Жеке қабылдауға келген кәсіпкерлердің бірі білім беру саласында 13 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, «Өрлеу» бағдарламасынан білім беру бағыты алынып тасталғандықтан, мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі шектелген.

Кәсіпкер ауыл балаларына ағылшын тілін оқытып, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. Қазір оның облыс бойынша 26 білім беру орталығы жұмыс істейді. Енді Жамбыл ауданында жаңа филиал ашуды жоспарлап отыр.

Марат Сұлтанғазиев мұндай орталықтардың ауыл балалары үшін маңызын атап өтіп, Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылынан білім беру қызметіне лайықты ғимаратты анықтап, кәсіпкерге ұсынуды аудан әкімдігіне тапсырды.

Өңірлік кәсіпорындардың өнімін құрылыс жобаларына тарту ұсынылды

Қабылдау барысында құрылыс материалдарын өндіретін компания өкілдері де өз өнімдерін өңірлік нарыққа шығаруға қолдау көрсетуді сұрады.

Облыс әкімі олардың байланыс деректері мен өнімдері туралы ақпаратты облыстағы құрылыс компанияларына жолдауды, сондай-ақ Құрылыс басқармасына кәсіпкерлерді ірі мердігер ұйымдармен байланыстыруды тапсырды.

Сонымен қатар, өңірде жүзеге асырылып жатқан құрылыс жобаларында сапасы талапқа сай келетін жергілікті өндірушілердің өнімін көбірек пайдалану қажеттігін атап өтті.

Қабылдау қорытындысында облыс әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысы заң аясында жан-жақты қарастырылатынын айтып, жауапты мемлекеттік органдар мен басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындардың өтініштерін мүмкіндігінше жедел шешу және олардың орындалуын бақылауда ұстау тапсырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
31.07.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Диана Ахметова
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz