Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мектеп формасын нақты брендтен сатып алуды талап ету заңсыз

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысының білім басқармасы мектеп формасын сатып алуға қатысты ата-аналардың құқықтарын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, білім беру ұйымдарының ата-аналарды мектеп формасын белгілі бір өндірушіден, брендтен, тігін шеберханасынан немесе дүкеннен сатып алуға міндеттеуге құқығы жоқ.

Басқарма түсіндіргендей, мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығымен реттеледі. Құжатқа сәйкес, мектептер бірыңғай стильді, түсті және оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты жалпы талаптарды ғана белгілей алады. Алайда мектеп әкімшілігі ата-аналарға мектеп формасын нақты бір жерден сатып алуды талап ете алмайды.

Сонымен қатар, мектеп формасына қатысты кез келген шешім білім беру ұйымының басшылығы тарапынан ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ашық талқыланып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

Білім басқармасы бұл талаптардың сақталуы ерекше бақылауда екенін атап өтті. Егер мектеп тарапынан заң талаптары бұзылды деген өтініштер келіп түссе, тиісті тексеру жүргізіледі. Заң бұзушылық фактілері расталған жағдайда жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

Мектеп формасын тек белгілі бір сатушыдан сатып алуға мәжбүрлеу немесе өзге де құқықтарының бұзылғанын байқаған ата-аналар Алматы облысының білім басқармасына немесе аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады. Әрбір өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шешім қабылданады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz