Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстан семсерлесуден тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Гонконг қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шығып, тарихи нәтиже тіркеді. Бұл туралы 29 шілдеде Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2026
Әлем, Жаңалықтар

Гонконгте өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Украина спортшыларымен кездесті. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған төрттік қарсыласын 45:40 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Бұл – Қазақстанның семсерлесуден әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны. Сондай-ақ ерлер құрамасы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

Қазақстандықтар жарыс жолын 1/16 финалда Финляндияны 45:39 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін Өзбекстанды 28:27, ширек финалда Данияны 45:36, жартылай финалда Мысырды 41:32 есебімен ұтты.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы үздік нәтижесі қола медаль болған. Былтыр Грузия астанасында өткен әлем біріншілігінде қазақстандықтар Францияны жеңіп, тарихи жүлдеге қол жеткізген еді.

Қазір Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.

Тегтер: Қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Өмірді таңда: есірткіге қарсы бол

Диана Ахметова
30.07.2026

Алкогольсіз өмір – дені сау ұрпақ негізі

Диана Ахметова
30.07.2026

Әділетті қоғамға бастар жол

Диана Ахметова
30.07.2026

Таза өлке – берекелі мекен

Диана Ахметова
30.07.2026

Бейбіт қоғамның берік тірегі

Диана Ахметова
30.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz