Сайлаушылар өздеріне қажетті ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы ала алады:
- арнайы веб-сервис арқылы;
- iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
- Алматы облысының сайлау учаскелерінің интерактивті картасы арқылы;
- Telegram-бот арқылы.
Веб-сервис немесе Telegram-бот арқылы ақпарат алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу жеткілікті. Жүйе сайлаушының тізімде бар-жоғын тексеріп, оның сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын көрсетеді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар 109 нөмірі бойынша iKomek байланыс орталығына хабарласа алады. Орталық мамандары сайлауға қатысты қажетті ақпарат пен түсіндірме береді.
Мамандар дауыс беру күні қиындық туындамас үшін тұрғындарға сайлау учаскесін алдын ала тексеріп алуға кеңес береді.





