Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған тұрғын қаза тапты

Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан демалушыны құтқармақ болған кезде қаза тапты. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«Қапшағай су қоймасында өз өмірін қиып, басқа адамды құтқаруға тырысқан Андрей Филипович Козятинскийдің қайғылы қазасы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл әрекет – нағыз ерліктің, жанқиярлықтың және азаматтық қадір-қасиеттің үлгісі. Шешуші сәтте Андрей бейжай қалмай, өз қауіпсіздігін ойламастан, қиындыққа тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алады», – деп жазды әкім.

Әкім қала тұрғындарының атынан Андрейдің әкесіне, бауырына, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жас жігіттің ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

«Бірнеше жыл бұрын өмірден өткен анасының жарқын бейнесі мен Андрейдің ерлігі оны танитындардың жүрегінде мәңгі қалады. Оның батылдығы мен өзгенің өмірін арашалау жолындағы жанқиярлығы – нағыз қаһармандықтың, адамгершіліктің және жақынға деген сүйіспеншіліктің белгісі», – деді Асхат Бердіханов.

ТЖД мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілдеде демалыс аймақтарының бірінде суда жазатайым оқиға болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, бір адам суға кеткен. Батып бара жатқан демалушыны құтқару кезінде демалыс базасының қызметкері қаза тапты.

Тегтер: ҚапшағайҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Диана Ахметова
28.07.2026

Қазақстанда мемлекеттік білім беру стандарты Жаңа Конституция талаптарына сәйкестендірілді

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Қонаевта суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған тұрғын қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz