Оқиға Қарасай ауданы аумағындағы Карнизный шыңы маңында болған. Турист тауға көтерілу кезінде шамамен 4500 метр биіктікте тас құлау қаупі бар аймақта жарақат алған. Осыдан кейін оның нақты орналасқан жері белгісіз болып, таулы аймақтан өздігінен түсе алмаған.
Хабарлама түскен бойда іздеу-құтқару жұмыстарына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жұмылдырылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде туристің орналасқан жері анықталып, оны шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Эвакуациялау жұмыстарына «Қазавиақұтқару» авиациясының тікұшағы тартылды. Зардап шеккен азамат Боралдай әуежайына жеткізіліп, онда оны Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қабылдады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін турист Алматы қаласындағы қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Төтенше жағдайлар қызметі тауға шығуды жоспарлаған азаматтарға ауа райы болжамын алдын ала тексеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және маршрут туралы жақындары мен құтқару қызметіне алдын ала хабарлауға кеңес береді.





