Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында баладан С гепатиті анықталды: ауруханада қызметтік тексеру басталды

Алматы облысында алты жасар баладан С гепатиті анықталды. Оның ата-анасы вирус баласына облыстық балалар клиникалық ауруханасында қан құю кезінде жұққан болуы мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Баланың әкесінің айтуынша, оқиға Түркиядан оралғаннан кейін басталған. Сапар барысында баланың денсаулығы сыр беріп, қатты жөтеліп, дене қызуы көтерілген. Қазақстанға келген соң оның мұрнынан қан кетіп, шұғыл түрде Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер тексеру нәтижесінде балаға сирек кездесетін аутоиммунды ауру – иммундық тромбоцитопения диагнозын қойған. Емдеу барысында оған қан құйылып, қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Кейін науқас әрі қарай ем қабылдау үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жолданған. Сол жерде жүргізілген зертханалық тексерулер кезінде ПТР әдісі арқылы С гепатиті вирусы анықталған.

«Біз бұл ауруханаға баламыздың мұрнынан қан кеткен соң түстік. Тексеруден кейін оған иммундық тромбоцитопения диагнозы қойылып, қан құйылды. Біздің ойымызша, вирус дәл осы процедура кезінде жұққан», – дейді баланың әкесі.

Ата-анасы осы жағдайға байланысты Президент Әкімшілігіне хат жолдап, істі ерекше бақылауға алуды сұраған.

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында аталған дерекке байланысты қызметтік тексеру басталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz