Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кемертоғанда 18 мың тұрғынды ауыз сумен қамтитын жоба іске асырылып жатыр

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылында су құбыры жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Құны 4,7 миллиард теңгелік жоба аяқталғаннан кейін 18 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс келесі жылдың соңына дейін толық аяқталады.

Қазіргі таңда Кемертоған ауылында 40 мыңнан астам адам тұрады. Халық санының жыл сайын артуына байланысты елді мекенде ауыз су тапшылығы өзекті мәселеге айналған. Тұрғындардың басым бөлігі ауласындағы құдық суын пайдаланып келеді. Алайда оның сапасы талапқа сай емес.

Жоба аясында әрқайсысының сыйымдылығы 1 400 текше метр болатын екі су резервуары, екі жаңа ұңғыма салынып, ұзындығы 184 шақырымнан асатын магистральдық және абоненттік су құбыры желісі тартылады.

Құрылыс барысымен танысу үшін нысанға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев барды. Өңір басшысы инженерлік инфрақұрылым нысандарының сапасы ең басты талап екенін айтып, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазір құрылыс алаңына қажетті материалдар мен арнайы жабдықтар жеткізіліп, 10 шақырым магистральдық су құбыры тартылған. Биылғы жұмыстарды қаржыландыруға қарастырылған 2,4 миллиард теңге толық бөлінген.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Іле ауданының Қараой ауылдық округіндегі «Чала», «Құралас» және «Қосөзен» магистральдық каналдарын қайта жаңғырту жобасының жүзеге асырылу барысымен де танысты.

Құны 4 миллиард теңгеден асатын жоба бүгінде 2 090 гектар ауыл шаруашылығы жерін сумен қамтамасыз етіп отыр. Жаңғырту аяқталғаннан кейін суармалы жер көлемі 2 815 гектарға дейін ұлғайып, қосымша 725 гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі.

Инвестор автоматтандырылған суару жүйесін енгізуде

Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында орналасқан «Smart Adam Agro» ЖШС-ның жұмысымен де танысты.

Кәсіпорын құны 1,2 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Компания 900 гектар суармалы алқапқа автоматтандырылған суару жүйесін енгізуде.

Биыл шаруашылық 200 гектар жерге күздік дақыл еккен. Оның ішінде 190 гектарға қыша, 10 гектарға зығыр себілген. Ал келесі көктемде жоңышқа алқабын 400 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар шаруашылықта жоңышқа мен қызанақ өсіріледі.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Заманауи агротехнологияларды енгізу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану және қайта өңдеу өндірісін дамыту – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын құрудың негізі. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті шешімдерді қабылдап, қолдау көрсетуді жалғастырамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz