Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының таулы аймағында құрғақ шөп өртенді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ТЖМ мәліметінше, өрт Байдібек би ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Бақтияр сай шатқалындағы мемлекеттік жер қоры аумағында шыққан.

Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков үйлестіріп жатыр.

«Өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері, 15 техника, сондай-ақ ТЖМ-ның «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды», – делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна суды 17 мәрте төкті.

Қазіргі уақытта жоғары температура мен жылдамдығы секундына 4 метрге дейін жететін солтүстік-батыс жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz