Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында заманауи үлгідегі жеміс-жидек қоймасы ашылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылында заманауи үлгідегі жеміс-жидек сақтайтын қойма ашылды. Сыйымдылығы екі мың тонна. Қойма елімізді сапалы жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп ғана қоймай, Қазақстанда өсірілетін алмаларды шетелге жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қойманы салудағы мақсат — Қазақстандағы алма бақтарын қалпына келтіру. Мұнда жемістер Италия мен Нидерландының технологиялары арқылы өсіріледі. Алманың экспорттық тауар ретінде әлеуеті зор. 70 гектардан астам аумақта егілген бау-бақша тамшылату суару жүйесімен, су бассейнімен қамтылған. Енді алма сақтайтын бұл қойма жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Мұнда 2 мың тонна жеміс сақтауға болады. Қоймада реттелетін газды орта жүйесі мен қарапайым мұздатқыш бар. Келесі жылы дәл осындай жүйемен жабдықталған, қуаттылығы 3 мың тонна қойма саламыз», — дейді қойманы салған «Arnau Agro» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Руслан Оспанов.

Қойманың басты ерекшелігі мұнда ауаның химиялық құрамын өзгертуге болатын арнайы бокстар бар. Мұндай ортада жемістер бір жылға дейін сақталады. Қазір отандық өнім Ресейге экспортталып жатыр.

Тегтер: Еңбекшіқазақжеміс-жидекқойма

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz