Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОСК сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібін түсіндірді

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін қалыптастыру және азаматтарды оған енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың тізімдерін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жасайды. Тізімге дауыс беру күніне дейін 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркеуде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

Ал уақытша тіркеуде тұрған азаматтар жергілікті атқарушы органға өтініш беру арқылы сайлаушылар тізіміне енгізіле алады. Ол үшін өтінішті дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 23 шілдеге дейін тапсыру қажет.

Бұл ретте әкімдік азаматты өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің тізіміне енгізіп, бұрынғы тіркелген жеріндегі сайлаушылар тізімінен шығаруды қамтамасыз етеді. Заңнамаға сәйкес, әрбір азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Сонымен қатар 2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздерінің тиісті сайлау учаскесінің тізімінде бар-жоғын әкімдіктің ресми интернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы тексере алады.

Орталық сайлау комиссиясы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы ақпарат беру жүйесі де іске қосылатынын хабарлады.

ОСК қазақстандықтарды сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырып, «Жаңару үшін дауыс бер!»үндеуін жариялады.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

Акжаркын
09.07.2026

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік

Акжаркын
09.07.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның тұғыры

Акжаркын
09.07.2026

23 тамыздағы сайлау: есептен шығару куәлігін кімдер және қалай ала алады?

Қорлан Нұрланқызы
09.07.2026

ОСК сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібін түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
09.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz