Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокуратура Құрылтай сайлауына байланысты заң талаптарын сақтауға шақырды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық пен оны өткізу кезеңінде заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы азаматтарға үндеу жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат

Ведомство мәліметінше, үндеу «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 40-бабына сәйкес жарияланған. Онда сайлау науқаны барысында үгіт жүргізу тәртібі, қайырымдылық акцияларын өткізуге қойылатын шектеулер, жалған ақпарат тарату және қоғамдық пікірге сауал салу талаптары жан-жақты түсіндірілген.

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, Мемлекет басшысының 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызға тағайындалған. Ал сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен және Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспармен реттеледі.

Осы жоспарға сәйкес, 2–23 шілде аралығында саяси партиялардың партиялық тізімдерін ұсыну және тіркеу кезеңі өтеді. Ал ресми сайлауалды үгіт 23 шілде күні сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Осыған байланысты Бас прокуратура партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін қандай да бір сайлауалды үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынатынын еске салды. Мұндай талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

Соған сәйкес, партиялық тізімді тіркеу аяқталғанға дейін қандай да бір сайлау алдында үгiт-насихат жүргізуге болмайды.

«Жөнсіз үгітке сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауар, бағалы қағаз беру, қызмет көрсету, лотерея, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындай уәде беру жатады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ сайлау тағайындалған кезден бастап кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға, сонымен бірге олардың атынан немесе оларды қолдап кез келген жеке және заңды тұлғаларға қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

«Кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенім білдірілген адамдарының жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзуы кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп соғады», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар жала жабу, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқандарға да әкімшілік жаза қарастырылған.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстансайлау

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тетіктері талқыланып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026

Бас прокуратура Құрылтай сайлауына байланысты заң талаптарын сақтауға шақырды

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026

Жолдағы қауіпсіздік мәдениеті – адам өмірін сақтаудың басты кепілі

Диана Ахметова
08.07.2026

Жеке меншікті қорғау – заңның маңызды міндеті

Диана Ахметова
08.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
08.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz