Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақтың қасиетті қара домбырасы адамзаттың ортақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі екенін атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026
Жаңалықтар

ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездің айтуынша, домбыра тек қазақ халқының ұлттық аспабы ғана емес, әлемдік мәдениеттің маңызды құндылықтарының бірі саналады.

Оның сөзінше, 2014 жылдан бері домбырамен күй орындау өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Бұл шешім қазақтың дәстүрлі күй өнерінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі болды.

«Домбырамен күй орындау дәстүрі адамдарды өз тарихымен, мәдениетімен және бір-бірімен байланыстыратын бірегей өнер. ЮНЕСКО Қазақстанда ұлттық аспапты дәріптеу мен осы құндылықты кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған бастамаларды толық қолдайды», – деді Найеф әл-Файез.

ЮНЕСКО өкілі Қазақстанның ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағытындағы жүйелі жұмысына да жоғары баға берді. Оның айтуынша, ұйым қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні Қазақстанда жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты – халқымыздың дәстүрлі күй өнерін, ұлттық мәдениетін және рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Тегтер: Қазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz