Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан ұлы мереке өтті

Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында дәстүрлі «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық мерекесі жоғары деңгейде өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған думанда ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазақтың салт-дәстүрін насихаттау және этнотуризмді дамыту мәселелеріне ерекше мән берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ шетелден келген қонақтар қатысты.

Жиында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Оның айтуынша, Президент ұлттық мұраны сақтау мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған осындай тағылымды шараларға ерекше мән береді.

«Қазақ даласындағы әрбір салт-дәстүрдің терең тәрбиелік мәні бар. Бабалардан жеткен осы аманатты сақтап, заман талабына сай жаңғырту – баршамызға ортақ міндет. Бүгінде қымыз өндірісінде жаңа технологиялар енгізіліп, ұлттық өнімді сақтау мен әлемдік нарыққа шығару мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімінің айқын көрінісі», – деді Мәлік Отарбаев.

Ол сондай-ақ Қарқара жайлауы мен Хантәңірі бөктерінің табиғи көркі фестивальдің халықаралық деңгейдегі тартымдылығын арттыратынын атап өтті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Қымызмұрындық» фестивалі биыл республикалық маңызы бар мәдени іс-шаралар күнтізбесіне енгізілгенін айтты.

«Бұл – Кеген ауданының ғана емес, тұтас Алматы облысының рухани-мәдени келбетін айшықтайтын әрі өңірдің туристік тартымдылығын арттыратын маңызды жоба. Қарқара – қазақ тарихындағы қасиетті мекендердің бірі. Сондықтан мұндай мерекенің дәл осы жерде дәстүрге айналуы заңды», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысы ұлттық тарихты жаңаша зерделеуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – елдік сананы нығайтудың маңызды тетігі.

Әкімнің мәліметінше, өткен жылы Алматы облысына 2,5 миллионнан астам турист келген.

Бұл өңірдің табиғи әлеуеті мен тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.

Көлсай мен Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Хантәңірі бөктері және Қарқара жайлауы бүгінде Қазақстанның ғана емес, халықаралық деңгейде танылған туристік бағыттарға айналған.

«Біздің мақсат – туристер санын көбейту ғана емес, олардың өңірдің табиғатын, тарихын және мәдениетін терең танып қайтуына жағдай жасау. Сондықтан біз экотуризмді дамытуға ерекше басымдық береміз. Бұл бағыт «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасымен үндеседі», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Мереке аясында Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналған құран бағышталып, ас берілді.

Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылып, балуандар мен шабандоздар өзара мықтыны анықтады.

Қонақтар этноауылды аралап, ұлттық қолөнер көрмесін тамашалап, қымыздан дәм татты.

Айта кетейік, «Қымызмұрындық» мерекесі Қарқара жайлауында биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Фестиваль бүгінде Алматы облысының туристік брендіне айналып, ұлттық мәдениетті, дәстүрді және этнотуризмді дамытуға бағытталған маңызды республикалық іс-шаралардың бірі саналады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: мың жылқы шеруі мен ұлттық спорт көпшілікті тәнті етті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан ұлы мереке өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Алматы облысында «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі басталды

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz