Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қазақстанның Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған шекті тарифтерді өзгерту туралы құжат әзірледі. Жоба энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін қайта қарауды көздейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026
Жаңалықтар
Hand with Glowing bulb on the wood background

Hand with Glowing bulb on the wood background

Министрлік мәліметінше, елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және электр энергиясын өндіретін нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтері қайта есептелген.

Ведомство өкілдері бұл шешім энергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ жаңа тарифтер жабдықтардың сенімділігін сақтау мен жаңартуға бағытталған ұзақмерзімді инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға жағдай жасамақ.

Энергетика министрлігі электр станцияларын жаңғырту және өндірістік инфрақұрылымды дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі болып саналатынын айтады.

Құжатқа сәйкес, жаңартылған шекті тарифтерді энергия өндіруші ұйымдар үшін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Тарифтерге қатысты өзгерістер жобасы қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжат 30 маусымға дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланып, тұрғындар мен сарапшылардың ұсыныстары қабылданады.

 

Тегтер: Қазақстанминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz